429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенаторлар заң нормаларын шығаруды жетілдіру бойынша заң жобасын қарады

  • 174
  • UPD: 16:33, 09.02.2021
Сенаторлар заң нормаларын шығаруды жетілдіру бойынша заң жобасын қарады Сенаттың баспасөз қызметі

Бүгін Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы болды.

Онда депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын тұжырымдамалық тұрғыда талқылады.

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметінің мәліметінше, заң жобасы заңдардың тұрақтылығы мен сапасын қамтамасыз етуге, сондай-ақ заң шығару процесіне жұртшылықты кеңінен тартуға бағытталған.

«Заң жобасымен Кәсіпкерлік кодексіне және 8 заңға түзетулер енгізілді. Ғылыми сараптамаларды жүргізудің жеделдігін, тиімділігін және ашықтығын арттыру үшін заңнамаға мониторинг жүргізуге және норма түзушіліктің жекелеген процестерін автоматтандыруға арналған «Е-заңнама» ақпараттық жүйесі енгізілуде. Реттеу субъектілерімен, ғалымдармен, мамандармен нақты мерзімдер бойынша консультациялар өткізуді, сондай-ақ заң жобаларын жұртшылық арасында талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында жариялауды көздейтін норма шығару қызметінің бастапқы кезеңі күшейтілді», – деді комитет төрағасы Владимир Волков.

Владимир Волковтың айтуынша, құжатта азаматтар мен бизнеске қосымша міндеттер жүктейтін ережелерге қатысты «өтпелі кезең» тәжірибесін заңнамалық деңгейде белгілеу ұсынылады. Бұл ретте «өтпелі кезең» мерзімі кемінде 60 күнді құрайтын болады. Сондай-ақ ақпараттандыру және түсіндіру тетігін күшейту ұсынылады.

Хабар 24 телеарнасы