Алматыда 1315 медицина маманына вакцина салынды

Алматыда бір аптада 1315 медицина маманы короновирус вакцинасын салдырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалаға ресейлік «Спутник V» екпесінің 1750 дозасы жеткізілген. Енді ақпанның 21-і күні вакцина екінші қайтара салынады. Екпе алғандар арасында денсаулығына қатысты арыз-шағым айтушылар жоқ. Ал, халықты жаппай вакциналау наурыз-сәуір айларына жоспарланып отыр.

Эльвира Ибрагимова, дәрігер-эпидемиолог:

- Бұл векторлы аденовирустық вакцина. Оның құрамында аденовирустың 29-шы серотипі болса, екінші рет егілетін екпенің құрамында 5-ші серотип бар. Құрамында айырмашылық айтарлықтай. Біріншісі салынған соң екіншісін де міндетті түрде алу керек. Инструкцияға сәйкес ол 21 күннен кейін егіледі.