Шетелден келген төрт жолаушыдан коронавирус анықталды

7 ақпанда Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал 758 қазақстандықтың ПТР-анықтамасы теріс нәтиже көрсетті. Өткен тәулікте елге 9 халықаралық әуе рейсімен 1252 жолаушы келді. Оның 192-сінде ПТР анықтама болмады. Енді олар тест тапсырып, карантиндік стационарларда нәтижесін күтеді.