Жамбыл облысында алғаш рет педофилге химиялық кастрация жазасы қолданылады

Жамбыл облысында алғаш рет түзеу мекемесінде жатқан педофилге химиялық кастрация жасау жазасы қолданылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір қалалық емхана мамандары жазаға кесілген қылмыскердің денсаулығын жан-жақты зерттеуге кіріскен. Олар сотталушыға қандай химиялық екпе салуды анықтайды. Жамбыл облысындағы түзеу мекемелерінде жатқан 13 педофилге кастрация жасау жоспарланған. Оған бюджеттен 1 млн 373 мың теңге қаражат бөлінген. Сот шешімі шыққан жағдайда медициналық сараптамадан соң химиялық екпе жасалады.

Ерлан Әбдібай, ҚАЖ департаменті сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының бас маман-дәрігері:

- Антиандрогендік препараттар тағайындау ол да өзінше бір үлкен жұмыс, өйткені ол әр адамның физикалық жағдайына байланысты оған аллергиялық реакциялыры бар ма, жоқ па бүкіл қан талдаулары жүргізіледі. Антиандрогендік препараттармен түзеу мекемелерін қалалық емхана қамтамасыз етеді.