Алматыда қыз зорлаған экс-прокурор мен банк менеджері сотталды

Алматыда топтық зорлық ісі бойынша экс-прокурор Тимур Тілембаев пен банк менеджері Қанат Әліқұлға үкім шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бостандық ауданындағы №2 соттың шешімі бойынша екі айыпталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар жәбірленуші тарапқа материалдық және моральдық өтемақы үшін 3 млн теңге төлеуі тиіс. Экс-прокурор мен банк менеджері 2019 жылдың қарашасында ішімдікке тойып алып, бейтаныс қызға қол көтеріп, зорлаған.