Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай елордада оқушылар ақиық ақынның өлеңдерін оқыды, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Мұқағали Мақатаевқа арнау» атты байқаудың өтуіне «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы мұрындық болды. Жасөспірімдер мен «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері ақынға өлең шумақтарын арнап, шығармаларын таныстырды. Сайыс соңында барлық қатысушы бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Асхат Налшыбек, «Жас сарбаз» қозғалысы қалалық филиалының төрағасы:
- «Бүгін менің туған күнім ой пәле-ай, мына адамдар неге отыр тойламай» демекші бүгін Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерекелік шарасын бізде тойлауға асықпыз. Сол себепті елін, жерін, Отанын сүйген жастар, жасөспірімдер Мұқағалидің өлеңін жатқа біліп, еліміздің ертең өсіп өркендеу жолында кең қанатын жаяды деп нық сеніммен айта аламын.