COVID-19 жұқтырған 264 адамның жағдайы ауыр

10 ақпандағы мәлімет бойынша 25 991 адам короновирус инфекциясынан (16 188 КВИ+ және 9 803 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 5 438 пациент стационарда, 20 553 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- жұқтырғандар арасында:
• 264 адамның жағдайы ауыр;
• 46 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 45 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.