414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайдағы спорт-барлардың бірінде заңсыз құмар ойындары ұйымдастырылған

  • 76
  • UPD: 10:47, 10.02.2021
Қостанайдағы спорт-барлардың бірінде заңсыз құмар ойындары ұйымдастырылған ҚР ҚМА

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері «STOP-ойын» ЖАШ шеңберінде Қостанай қаласындағы спорт-барларының бірінде ойын бизнесі саласындағы заңсыз қызметті анықтады.

ҚР ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл мекемеде арнайы ойын жабдықтарын қолдана отырып, құмар карта ойындары өткізілген.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Хабар 24 телеарнасы