Тиісті рұқсаты жоқ елордалық құрылыс компаниялары анықталды

Елордада үлескерлердің ақшасын қабылдауға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдары мен салынып жатқан объектілердің тізімі жасалды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Төменде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәмілелер (алдын ала броньдау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты) жарамсыз болып саналады.

Қаражатыңызды сақтау үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі барынша сақ болуға және рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алудан бас тартуға шақырады.

«Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.

Егер төменде көрсетілген компаниялармен мәміле жасаған болсаңыз немесе туындаған проблемалар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы Достық көшесі, 13 мекенжайы бойынша «Нұр-Сұлтан қаласы Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ-ға жүгінуге болады.

Мына телефон нөміріне де хабарласуға болады: 8 (7172) 55-04-30, 70-32-88;

8-701-300-50-39 Әкімшілік-құқықтық бөлімнің басшысы Канафин Ерік Асылханұлы.

Тізімді мына жерден көруге болады.