419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық 280 азамат шетелде жазаға тартылған

  • 107
  • UPD: 14:37, 10.02.2021
Қазақстандық 280 азамат шетелде жазаға тартылған

Қазіргі таңда елімізде 447 шетел азаматы пробациялық есепте тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың көбі – Ресей мен Өзбекстан азаматтары. Ал өзге елдерде 280 қазақстандық жазаға тартылған. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ТМД елдері азаматтарының бас бостандығынан айырудан басқа жазасын өз еліне беру туралы конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасы мақұлданды. Конвенцияға сәйкес, сотталушы мен оның заңды өкілі өтініш жазады. Өтініш бойынша сол елдің бас прокуратурасы сұрау салады. Қажетті құжаттар жиналғаннан кейін нақты шешім шығарылып, ол қабылданғаннан кейін 45 күн ішінде өз бетінше елден шығуға болады. Алайда ұлттық қауіпсіздікке қауіп тудыратын жағдай туындаса, азаматтың өтініші қанағаттандырылмайды.

Хабар 24 телеарнасы