А.Көлгінов: Елорда өмір сүруге қолайлы қалаға айналады

Сонымен қатар бүгінгі онлайн кездесуде шаһар басшысы елордамыз өмір сүруге ыңғайлы қалаға айналады деді.

Оның хабарлауынша, былтырдың өзінде 150-ден астам аула мен 60 қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Алдағы уақытта Есіл өзенінің жағалауындағы саябақтар бір жолақпен біріктіріліп, тұрғындардың жаяу жүріп серуендеуіне жағдай жасалады. Қала маңындағы елді мекендердегі тұрғын үй алқаптары да назардан тыс қалмайды. Қала ішіндегі қозғалыс қолайлы болу үшін жүздеген электробас сатып алынбақ. Көптің көкейіндегі LRT жобасы да қолға алынды. Қазір әкімдік банктермен инвестиция тарту жайында келіссөз жүріп жатыр. Сонымен қатар қала басшысы көшелерді су басу мәселесін де көтерді. Оның айтуынша, бірнеше даңғылда құбырлар үлкейтіліп, жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.