419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қайырымдылықпен айналысатындарға салықтық жеңілдіктер жасалады

  • 105
  • UPD: 14:38, 10.02.2021
Қайырымдылықпен айналысатындарға салықтық жеңілдіктер жасалады

Қайырымдылықпен айналысатындарға салықтық жеңілдіктер жасалып, бұл бағыттағы ұйымдарға құқықтық мәртебе беру кезінде қосымша шаралар енгізу көзделіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты.

Атап өтейік, елде «Қайырымды істер» марафоны басталды. Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орайластырылған игі шараға азаматтық сектор, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері, белсенді азаматтар қатысады. Әсіресе, үкіметтік емес ұйымдарға баса мән берілмек. Бұған дейін елде волонтерлікті дамыту бойынша іргелі істер атқарылғаны мәлім. Бұл қызметке 100 мыңдай адам жұмылды. Сондықтан осы үрдістің заңды жалғасы ретінде қайырымдылықты әрі қарай дамыту қолға алынып отыр.

Хабар 24 телеарнасы