414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда өрт болған гараждан бес газ баллоны шығарылды

  • 92
  • UPD: 14:17, 10.02.2021
Павлодарда өрт болған гараждан бес газ баллоны шығарылды

Павлодарлық өрт сөндірушілер газ баллондарының жарылуына жол бермеді.

Өрт болған гараждан 5 газ баллонын эвакуациялады, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.

«10 қаңтарда 00:41-де «101» пультіне Мәшһүр Жүсіп көшесі, 269 мекенжайындағы гаражда өрт болып жатқаны туралы хабарлама түсті. Шақыру орнына №3 өрт сөндіру бөлімі бөлімшелерінің кезекші қарауылы шықты. Барлауға келген соң жеке үй иелігінің аумағында жеке тұрған темір бетонды екі қабатты құрылысы аяқталмаған гаражда бірінші қабатта жалпы алаңы 50 шаршы метр ескі үй заттары, пенопласт, құрылыс материалдары жанып жатқаны анықталды», - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметінде.

Барлау барысында кезекші қарауыл құрамында қарауыл бастығы Рамиз Қасенов, аға өрт сөндіруші Амантай Мұхамеджанов және өрт сөндіруші Дастан Сүлейменов сыйымдылығы 27 литрлік 5 газ баллонын эвакуациялады. 

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында газ баллондардың жарылуына жол берілмеді.

Өрт 1:14-те толығымен сөндірілді. Сол жерде жеке құрамнан 9 адам және 2 техника жұмыс істеді. Өрт себебі пен шығыны анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы