Атырау облысында эпидахуал тұрақталып келеді

Атырау облысы бүгін «жасыл аймаққа» өтті. Мұнайлы өңірдегі эпидемиологиялық ахуал түзеліп келеді.

Өткен аптада күн сайын 100-ден астам науқас тіркелсе, қазір 50-ге дейін азайыпты. Соңғы тәулікте облыс бойынша 49 адамның қауіпті індетке шалдыққаны анықталды. 32-сі Теңіз кенішіндегі жұмысшылар арасынан шықты. Қазір ондағы инфекциялық стационарда 400-ге жуық науқас ем қабылдап жатыр.

Өңірдің «жасыл аймаққа» өтуіне байланысты енді бірқатар шектеу шаралары жеңілдетіледі. Вакциналау науқаны басталғалы облыста 900-ге жуық медицина қызметкері екпе салдырған.