427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық вакцинаға қанша ел қызығып отыр?

  • 412
  • UPD: 17:55, 10.02.2021
Қазақстандық вакцинаға қанша ел қызығып отыр?

Қазақстан өндірген QAZCOVID-IN вакцинасын экспорттауға қанша ел қызығушылық танытып отыр?

Бұл сауалға «Хабар 24» арнасындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді:

«Қазіргі күні біздің отандық вакцинаға бірнеше ел қызығушылық танытып отыр. Бұл мемлекеттер бізден вакцинаның параметрлерін сұрады. Олар енді клиникалық зерттеулердің нәтижесін күтуде. Бірақ біз отандық вакцинамен әуелі өзімізді қамтып аламыз, сосын барып, ауысқанын сыртқа сатамыз. Жалпы ғалымдарымыз уақыттан қалыспай жұмыс істеп келеді деп, толық сеніммен айта аламын».

Хабар 24 телеарнасы