ҚР ҰҚК Шекара қызметі шекараны кесіп өтудің жаңа ережелерін түсіндірді

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны кесіп өту бойынша жаңа шектеулерге қатысты түсініктеме берді.

2021 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Үкіметі жанындағы Коронавирустық инфекцияны таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия жаңадан Карантиндік шектеулер кезеңінде шекараны кесіп өтудің тәртібін бекітті, онымен интернет-ресурста және knb.gov.kz ресми арналарында «Пайдалы сілтемелер» бөлімінде танысуға болады.

Ел шегінен тыс шығатын адамдар үшін белгілі бір жеңілдіктер енгізілді. Қазақстан азаматтарына 30 тәулікте 1 рет құрлықтағы өткізу пункттері арқылы кез келген мақсат бойынша шекарадан өтуге рұқсат етілген. Бұл ретте, күндерді санау азаматтың Қазақстан Республикасына оралған күнінен басталады.

Бұрын қолданылған Кесіп өту тәртібінде Қазақстан азаматтарының шеңбері шектеулі болатын (тек емделуге, отбасымен бірігуге, жерлеуге және т.б.).

Шекара қызметінің мәліметінше, көрсетілген кезеңділік емделуге, жерлеу рәсіміне, отбасының ауыр науқас мүшелерін күту үшін, оқуға, еңбек қызметін жүзеге асыруға, басқа мемлекетке тұрақты тұруға және т.б. шығу мақсатында құрлықтағы өткізу пункттері арқылы Қазақстан шекарасынан өтетін Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданылмайды.

Азаматтардың бұл санаты 30 күндік аралықты күтпестен елден шыға алады.

«Бұл ретте Қазақстан азаматтары әуе әуе қатынасы арқылы шекараны қандай да бір шектеусіз өте алады.

Бүгінгі таңда келесі тікелей әуе қатынасы жаңартылды. Бұлар – Ресей, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Германия, Нидерланд, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Египет, Оңтүстік Корея, Мальдив, Шри-Ланка», – делінген мәліметте.

Қазақстанның тұруға ықтиярхаты бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктер үшін отбасы мүшелерімен кездесу мақсатында шекараны кесіп өту жиілігі 90 тәуліктен 30 тәулікке дейін қысқартылды.

Күндерді санау шетелдік Қазақстан Республикасынан шыққан кезде басталады.

Сондай-ақ...