Елімізде қанша медицина қызметкері екпе алудан бас тартты

Елімізде қанша медицина қызметкері коронавирусқа қарсы екпе алудан бас тартты?

«Қазіргі уақытта 13 301 медицина қызметкері вакцинаны салдырды. 218 медицина қызметкеріне медициналық көрсеткіштерге байланысты салынбайтын болды. 130 медқызметкер, яғни вакцина салдырғандардың 0,9 проценті вакцинациядан бас тартты», - деді ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова.

Вакцина ерікті түрде салынатын болғандықтан, одан бас тартқандарға қарсы ешқандай санкция қарастырылмаған.