Ол жерде шұбырып жатқан кеме жоқ – Каспийдегі итбалыққа зиян туралы

Арнамыздан Каспий итбалығына төнген қауіп төңірегінде айтқан едік.

«Гидробиология және экология институты» батыс секторының жетекшісі Тимур Баймұқанов теңіз маржанының көбеюіне мұзжарғыш кемелер зиян келтіріп жатыр» деп дабыл қаққан. Бүгін сол мұзжарғыш кеме Қашаған кен орнына бағыт алғаны анықталды. «Д» жасанды аралына Баутино портынан аптасына бір мәрте «Тұлпар» атты мұзжарғыш кеме қатынайды. Жолы алдын ала белгіленеді екен. Егер итбалықтар жатағына залалы болса, бағыты өзгеріп отырады. Каспий теңізінің тірі табиғатын қорғауды Үкімет  қатаң бақылауда ұстайды. Соңғы 5 жылда итбалықтарға қатысты ешқандай оқыс оқиға тіркелмеген. Былтырғы наурыз айындағы есеп бойынша теңіздің қазақстандық секторында шамамен 280-350 мыңдай итбалық мекендейді.

Нұраш Әжіғалиев, компанияның еңбек және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры:

- Ол жерде шұбырып жатқан кеме жоқ. Аптасына бір рет «Д» аралына жүктерімізді апарамыз. Итбалықтармен соғысып қалмау үшін дронмен де қарап жатыр. Оның сыртында приборлар бар, жаңағы итбалықтардың бағытын қарап, алдын ала көретін түнде де тұман болса да, 1 шақырымға дейін ол прибормен көре аламыз.

Сондай-ақ...