416,57 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде ауаны бақылау жүйесі сөндірілді

  • 87
  • UPD: 22:11, 10.02.2021
Өскеменде ауаны бақылау жүйесі сөндірілді

Өскемендегі ауаны онлайн бақылау жүйесі уақытша өшірілді. Бұрын халық қаланың экоахуалын электрондық жүйе арқылы бақылап, нақты уақыт бойынша ақпарат алатын.

Енді газ талдағыш қондырғы тексеруге жіберілді. Ал осы кезеңде аймақтың ауасы мен өзен-көлдердегі экологиялық ахуалды «Қазгидромет» мекемесі бақылайды. Сонымен қатар қалада арнайы экопатруль құрылды. Эколог-мамандар тұрғындардың арыз-шағымы бойынша ауа құрамын зерттей алады.

Елена Полянцева, облыстық экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы:

- Қазір экологиялық қауіпсіздік орталығында «ГАНГ» деген арнайы құрылғы бар. Ол сол кездегі ауадағы нақты жағдайды көрсетіп береді. Мәселен бір адам телефонмен хабарласып өтініш айтса, сол жерге қондырғының жылжымалы түрімен барып ауаның ластануын анықтап береміз. Сол жерден алынған ақпарат пен деректерді мемлекеттік органдарға жөнелтеміз.

Хабар 24 телеарнасы