Зейнетақы жинағын шешіп алудан көшбасшы өңірлер аталды

БЖЗҚ-ға 8 ақпанға дейін жинақты мерзімінен бұрын шешу бойынша 90 689 өтініш келіп түскен.

Өтініш берушілердің басым бөлігі Алматы (21.18 %), Нұр-Сұлтан (16.95 %) қалалары мен Маңғыстау облысынан (14.07 %). Ең азы – Семей (1.4 %), СҚО (1.31 %) және Түркістан облыстары (0.08 %). Мемлекеттік аннуитеттік компания мәліметінше, Алматыда зейнетақы жинақтарын шешу құқығына ие 170,6 мыңнан астам адам бар.

Қазақстан бойынша өтініші қанағаттандырылмағандар саны шамамен 30%-ті құрайды, деп хабарлайды krisha.kz. Басты себеп – заң жобасының талаптарына сай келмеуі. Атап айтқанда, өтінішті қате толтыру.

Орындалған өтініштер 50 350-ді құрайды. Жалпы сомасы – 276 млрд теңге.

Бірреттік зейнетақының орташа көлемі 5.48 млн теңгеге тең. Бұл жағынан Маңғыстау облысы көш басында тұр – 8.65 млн теңге, одан кейін Атырау (6.8 млн), Батыс Қазақстан (6.27 млн) облыстары және Алматы (6.18 млн) мен Нұр-Сұлтан (5.2 млн) қалалары орналасқан.

Ең төменгі көрсеткіш ШҚО (3 млн теңге), Ақмола (2.9 млн), Қостанай (2.86 млн) облыстары мен Семей қаласына (2.8 млн) және СҚО-ға (2.5 млн) тиесілі.

Осы тақырып бойынша:

Зейнетақы жинағымен қалай үй алуға болады?

Зейнетақы жинағын пайдалану: платформадағы деректерді қалай өзгертуге болады

Зейнетақы жинағын алу: enpf-otbasy.kz платформасындағы өтінім неліктен жойылады

Өзекті | Зейнетақы жинағын пайдалану ережесі