Сенатор: 2021 жылы тағы 23 ауыл газдандырылады

Сенат депутаты Әлімжан Құртаев Түркістан облысында болды.

Сенатор онда мәслихат депутаттарымен жүздесіп, Ордабасы және Отырар аудандары әкімдерінің есеп беру кездесуіне қатысты, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

«Отырар ауданы үшін 2020 жылғы маңызды оқиғалардың бірі – газдандыру болды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырын салу туралы тарихи шешім қабылдаған болатын. Бұл табиғи газды Батыс Қазақстаннан оңтүстік өңірге жеткізуге мүмкіндік берді. Биыл Отырар ауданының тағы 23 ауылының тұрғындары газбен қамтылады», - деді сенатор Әлімжан Құртаев.

Сенатор кездесуде сондай-ақ облыс тұрғындарынан келіп түскен ұсыныстар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ауыл тұрғындарын хабардар етті.