Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтер оңтайландырылады

Сенат атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамалық актілерге бірқатар маңызды түзету қабылдады, деп хабарлады ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жалпы отырыс барысында «Кейбір заңнамалық актілерге атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын мақұлдады.

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, заң жобасының мақсаты халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Заңнамаға ұсынылып отырған түзетулер радиациялық қауіпсіздік пен халықтың денсаулығын қорғау саласындағы құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелерін шешуге бағытталған.

Осы мақсатта заң жобасында мынадай өзгерістер ұсынылған:

– «Атом энергиясын пайдалану туралы» және «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» заңдардың нормаларын нақты түсіндіру мақсатында терминология мен ұғымдық аппаратты нақтылау;

– халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты сапалы іске асыру, сондай-ақ өкілеттіктердің қайталануын болдырмау мақсатында мемлекеттік органдардың өкілеттіктері мен функцияларын ажырату;

– білім сынағынан өту рәсімдерін ырықтандыру мақсатында атом энергиясын пайдалану объектілерінде жұмыс істейтін персоналға аттестаттаудан қайта өту құқығын беру;

– ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау кезінде авариялық дайындықты және ядролық және радиациялық аварияларға ден қоюды регламенттеу;

– жүйелерде, жабдықтарда, ядролық қондырғының жобалық және пайдалану құжаттамасында өзгерістер болған жағдайда ғана ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздікке қайта сараптама жүргізу;

– атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру, ол «бір өтінім» қағидатын қамтамасыз ететін болады.

Сондай-ақ...