Павлодарда жалған құжат дайындаған студенттер ұсталды

Павлодарда жалған құжат дайындаған студенттер ұсталды.

«2021 жылғы 10 ақпанда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында сағат 13:40 шамасында @hooligan.market пабликінде ҚР ІІМ қызметкерлерінің қызметтік куәліктерін дайындау және өткізу туралы бейне мәлімдемені орналастыру фактісін анықтады. Тексеру барысында Павлодар қаласының Орталық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары ПМУ-дің екі студентін анықтап, ұстады, олар үйде отырып қолдан жасалған белгілері бар Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік куәліктерін заңсыз дайындаған», - деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Полиция жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау және өткізу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 385-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті. Аталған тұлғалардан қызыл түсті куәліктердің процессоры, принтері және мұқабалары тәркіленді. Сараптама тағайындалды.