Елімізде «Дипломатиялық қызмет ардагері» ұғымы енгізіледі

Дипломатиялық қызметті жетілдіруге бағытталған заң жобасына Сенат үш түзету енгізіп, Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл заң жобасы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердегі олқылықтарды жою үшін жасалған. Сондай-ақ дипломатиялық қызмет персоналы мен сала ардагерлерінің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді. Заң қабылданған кезде «Дипломатиялық қызметтің ардагері» ұғымы бекітіледі. Бұл санатқа зейнет жасына толған, осы қызметте 15 жыл жұмыс істеген адамдар жатқызылады. Сондай-ақ дипломат болуға үміткерлердің мемлекеттік тілмен қатар шет тілдерді білуі міндетті. Ал, құқық бұзған қызметкердің лауазымы төмендетіледі немесе жұмыстан шығарылады.