Депутат балалар арасында жүрек ауруының көбейгеніне алаңдаушылық білдірді

Балалар кардиохирургтарының жалақысы төмен, жұмысы ауыр.

Сондықтан жас мамандар бұл салада көп тұрақтамайды. Мамандықтың мәртебесін арттырып, нақты қолдау көрсету керек. Сенатор Нұртөре Жүсіп осы мәселені көтеріп, депутаттық сауал жолдады. «Әсіресе, нәрестелердің жүрегіне ашық операция жасайтын мамандардың еңбегі бағалануы тиіс», - дейді. Былтыр 7 өңірдегі 10 кардиохирургия орталығында 1627 балаға операция жасалған. Оның 300-ге жуығы 1 жасқа толмаған сәбилер. Депутат балалар арасында жүрек ауруының көбейгеніне алаңдаушылық білдірді. Сондай-ақ өңірлердегі ауруханаларда магнитті резонансты томография аппараттары тапшы.