Мүмкіндігі шектеулі жандардың баспанасы талапқа сай емес

Соңғы жылдары мүгедек жандарға берілген пәтерлер тиісті талаптарға сай емес.

Сенатор Нариман Төреғалиевтың айтуынша, үйлер 2018 жылы қабылданған арнайы құжат талаптарымен салынуы тиіс. Яғни, мүмкіндігі шектеулі жан еркін қозғалуы үшін есік жақтаулары, балкон, асхана мен әжетхана бөлмелері кең болуы қажет. «Пәтер иелері ұзақ жыл кезекте тұрып шаршағандықтан, берілген баспананы місе тұтып, ешқайда шағымданбайды», - дейді. Мемлекет жылына 800 мүгедек жанға пәтер береді. Ал, кезектегілер саны одан бірнеше есе көп. Сенатор үшінші топ мүгедектерін де баспанамен қамтасыз ету мәселесін көтеріп, депутаттық сауал жолдады.