Шетелден келген жолаушыдан коронавирус анықталды

9 ақпанда Шарм-эль-Шейх – Алматы рейсімен келген жолаушыдан коронавирус анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал 223 қазақстандықтың ПТР-тесті теріс нәтиже көрсетті. Өткен тәулікте елге 12 халықаралық әуе рейспен 1304 жолаушы келді. Оның ішінде 272 қазақстандықта ПТР-анықтама болмаған. Енді олар арнайы стационарға жеткізіліп, сынама тапсырады.