419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Браконьерлерден 360-тан астам киік мүйізі тәркіленді

  • 81
  • UPD: 14:42, 11.02.2021
Браконьерлерден 360-тан астам киік мүйізі тәркіленді

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» РМҚК инспекторлары Атырау қаласының полиция департаментімен бірлесіп өткізген профилактикалық рейдтер нәтижесінде браконьерлерден 360 киік мүйізін тәркіледі.

Атырау облысының Геолог ауылында болған рейд кезінде ВАЗ маркалы 2 автокөлік тоқтатылды. Бірінші автокөлікті тексеру кезінде 200 дана мүйіз, екіншісінен 164 дана киік мүйізі табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы «сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Естеріңізге сала кетейік, Охотзоопром жануарлар мен өсімдіктердің биоалуантүрлілігі мен гендік қорын сақтау мақсатында олардың пайдаланылуын, өсімін молайтуды және жасанды өсірілуін бақылауды және табиғатты қорғауды жүзеге асырады.

Ақпарат көзі: ЭГТРМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы