«Алматы – Қорғас» бағытында көлік қозғалысы жанданды

«Алматы – Қорғас» бағытында көлік қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық Төтенше жағдай департаменті өкілдерінің айтуынша, республикалық маңыздағы автомагистраль түскі уақытта ашылған.

Айта кетейік, кеше күн райының қолайсыздығына байланысты  Арман ауылынан, яғни 25 шақырымнан бастап 320-шы шақырымына дейінгі аралығы жабылған болатын. Салдарынан көпшілік діттеген жеріне жете алмады. Жол бойында көліктердің ұзын-сонар тізбегі пайда болған еді. Жүргізушілер мен жолаушылар бейнежазба түсіріп, желі арқылы таратқан болатын. Сала мамандары қазір жағдай қалыпты өңірдегі жолдардың барлығы ашық екенін мәлімдеді.