417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО полицейлері элеваторда қаза тапқан 36 жастағы жұмысшының өлімін тергеуде

  • 78
  • UPD: 16:07, 11.02.2021
СҚО полицейлері элеваторда қаза тапқан 36 жастағы жұмысшының өлімін тергеуде

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері элеваторда қаза тапқан 36 жастағы жұмысшының өлімін тергеу үстінде, деп хабарлады Polisia.kz.

9 ақпан күні Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөліміне шамамен сағат 16:00-де Новоишимское ауылының «АқНанСевер» ЖШС элеваторында болған оқиға туралы хабарлама келіп түскен.

Дәнді дақылдарды сақтауға арналған металл силосты тазалау кезінде шұңқыр пайда болып, 36 жастағы жұмысшы шұңқырға құлап мерт болған. Оның денесі шамамен сағат 23:00-де сыртқа шығарылды. Жедел-тергеу тобы оқиға орнын қарап, куәгерлерден жауап алды.

Өндірісте қаза болу фактісі Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу) бойынша енгізілді.

«Оқиғаның толық және объективті мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Ауыл шаруашылық құрылымдарының басшылары мен жауапты тұлғаларын адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмыстарды заңнаманы қатаң сақтау арқылы жүргізу қажеттігі туралы ескертеміз», – деді аудандық полиция бөлімінің бастығы Марат Әлжанов.

Хабар 24 телеарнасы