419,87 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда алғаш рет көзге күрделі операция жасалды

  • 108
  • UPD: 18:46, 11.02.2021
Оралда алғаш рет көзге күрделі операция жасалды

Оралда алғаш рет витреоретиналды хирургия әдісімен көзге өте күрделі операция жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл көздің артқы сегменті торлы қабық пен шыны тәрізді дененің ауруларын емдеудегі интеграцияланған тәсіл саналады. Көз жанарының өте терең қабатын емдеуге бағытталған мұндай күрделі операция өңірде бұрын-соңды жасалмаған. Тың тәсілдің тиімділігі сонда – науқастар дертінен құлан-таза сауығып, сол күні-ақ үйіне қайта алады. Қазіргі таңда қаладағы клиникалардың бірінде аталған операцияны жасауға мүмкіндік беретін қондырғы сатып алынған. Бұл өңір дәрігерлеріне ақылы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін операциялар жасауға мүмкіндік береді. Бұл күрделі операция барысында өте ұсақ және бір-ақ рет қолданылатын аспаптар пайдаланылады дейді мамандар. 

Әсел Мұханбетқалиева, офтальмохирург дәрігер:

– Жоғары технология жетістігі саналатын витреоретиналды хирургия тәсілін енгізіп жатырмыз. Ол көздегі шыны тәрізді денені алып тастау мақсатында жасалады. Яғни көздің терең бөліктеріндегі паталогиялық ауруларды емдеу мақсатында жүзеге асатын күрделі тәсіл саналады.

Лұқпан Оразбеков, қазақ көз аурулары ғзи бөлім меңгерушісі:

– Қазіргі кезде мұндай пациенттер өте көп. Әсіресе, жасы үлкен, қант диабеті бар адамдар, артериалды қысымы жоғары адамдарда мұндай паталогия көп кездседі. Және де Қазақстанда аз ғана жерде жасайды, көп науқастар Ресейде операция жасатуға мәжбүр. Сондықтан Орал қаласында мұндай операция жасалғаны өте жақсы деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы