Шымкенттегі су қоймалары мен өзен-көлдер бақылауда

Шымкенттегі Бадам, Сайрам өзендері мен Бадам, Тоғыс, Ақжар, Текесу қоймаларында су деңгейі бірқалыпты дейді мамандар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дегенмен босаңсуға болмайды. 100 адамнан тұратын мобильді топ құрылып, 30 мото-помпа дайын тұр. Құм толтырылған 580 қап әзірленген. Су қоймалары мен су басу қаупі бар аумақтар тікұшақпен бақыланады.

Айта кетейік, мегаполис аумағында 4 су қоймасы, 3 су торабы мен 3 өзен және де 30-дан астам канал бар.

Төрағали Үркімбаев, қалалық ТЖД төтенше жағдайды жою бөлімінің бастығы:

- Судың деңгейі төмен әрі бірқалыпты. Су қоймаларындағы судың деңгейін пайызбен айтқанда 16-40%. Су басу қауіпті учаскелері Бадам, Сайрам су елді мекендерінде орналасқан. Жалпы 22 елді мекен бар. Қауіпті учаскелерді бекіту бойынша, жол картасына енгізілген жұмыстар жүргізілуде.