Маңғыстау өңіріне ДДСҰ-дан гуманитарлық көмек жеткізілді

14 мыңнан астам жеке қорғаныш құралдары бес аудан мен екі қаладағы медициналық мекемелердің сұранысына қарай енді бөлініп беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бетперделер, респираторлар мен арнайы сөмкелердің діттеген орындарға уақытында жеткізілуін құзырлы органдар өз бақылауында ұстап отыр.

Айта кетейік, ақ халаттыларға аса қажетті заттармен жабдықтауға жергілікті мекеме-кәсіпорындар да белсене атсалысуда.

Ханшайым Құспанова, ҚР СЖҚІҚА өңірлік департаментінің бас маманы:

– Әлемде, елімізде орын алған пандемияға байланысты бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымынан жеткізіліп жатыр. Қорғаныш құралдары медицина мамандарына теңдей бөлініп берілетін болады. Яғни әр ауданның сыйымдылығына қажеттілігіне байланысты беріледі.