Шымкентте той тойлағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады

Шымкентте карантин тәртібін бұзған тұрғындар анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полиция.кз порталының хабарлауынша, қаланың Әл-Фараби ауданындағы тойханалардың бірінде салтанатты шара өтіп, көп адам жиылған. Бұл жағдай мониторингтік топтың тексерісі кезінде әшкере болды. Енді карантин талаптарын бұзған азаматтар әкімшілік кодекс бойынша жауапкершілікке тартылады.