Шымкенттегі тойханалардың бірінде 200 адам жиналған той өткен

Тәртіп сақшылары думан қызып жатқан шақта үстінен түскен. Той иелері басқаны күтсе де полицияны күтпегені анық.

Тіпті сырт көзге күдік туғызбау үшін қонақтарды тапатал түсте шақырған. Тілекті күтпестен сөз алған полиция өкілдері өз тарапынан қандай сый болатынын да жария етсе керек. Енді жас жұбайлар карантинді бұзғаны үшін айыппұл төлеуі тиіс. Сондай-ақ мекеменің иесі де шығынға батады. 

Мегаполисте қазір адамдарды жиып іс-шаралар өткізуге қатаң тыйым салынған. Тәртіп сақшылары карантинді бұзушыларды анықтауды күн сайын  жалғастыруда.