Қарағанды облысында қаржылық пирамида қызметі анықталды

ҚР ҚМА Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметінің жолын кесті.

Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша 2020 жылы ұйымдастырушымен салым сомасының теңгемен 18%-і және валютамен 6%-і мөлшерінде жыл сайынғы табыс алу шартымен 80 миллион теңгеден астам сомаға жеке тұлғалардың ақшалай қаражаты тартылған, деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚК-нің 217-бабының 1-б. бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, жәбірленушілер ретінде 180-нен астам адам анықталды.