419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада 1640 адам коронавирусқа қарсы екпе алды

  • 128
  • UPD: 12:18, 12.02.2021
Елордада 1640 адам коронавирусқа қарсы екпе алды

Қазақстанда 1 ақпаннан бастап коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация басталды.

Бірінші кезекте вакцинаны КВИ жұқтыру қаупі жоғары адамдар алады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

1 ақпаннан бастап елордада 1 640 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Вакцинация бойынша 1 500-ден астам медицина қызметкері оқытылды.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші кезеңде медицина қызметкерлері, оның ішінде жедел медициналық жәрдем станцияларында, реанимацияда, санитарлық-эпидемиологиялық қызметте жұмыс істейтін мамандар вакцинацияланады. Келесі кезеңде мектеп мұғалімдері, ЖОО педагогтары, полиция қызметкерлері, ТЖ қызметкерлері және т.б. вакцина қабылдайды.

Ресейлік «Спутник V» вакцинасы екі компонентті, 1-компонентті алғаннан кейін екіншісі 21 күннен кейін егіледі. Бүгінгі таңда 1-компоненттегі вакцинация аяқталуда.

Хабар 24 телеарнасы