425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қоғамдық кеңес мүшелері елорданың мәселелерін көтерді

  • 204
  • UPD: 13:47, 12.02.2021
Қоғамдық кеңес мүшелері елорданың мәселелерін көтерді

Биыл қоғамдық кеңестің құрылғанына 5 жыл. Осы аралықта халық пен билік арасындағы алтын көпір бола алды ма?

Бұл сұраққа кеңес мүшелері өздері жауап іздеп көрді. Қоғамда қайнап тұрған шешілуі тиіс маңызды мәселелерді олар рет-ретімен сарапқа салуға тырысты. Жалпы кеңес мүшесі 21 адамнан құралады. Олар қаладағы кез келген маңызы жоғары мәселерде арнайы мониторинг жүргізіп отырған. Бас қаланы газдандыру, қоғамдық көліктің аздығы, спорттық ұйымдардың халыққа қолжетімді болуы секілді салаларда әлі де жұмыс атқарылуы тиіс екенін айтты. Мониторинг жүргізу көптеген кенжелеп қалған мәселелерге ерекше көңіл бөлінуі тиіс екенін анықтаған.

Хабар 24 телеарнасы