БҚО-да көктайғақтан жолдар жабылды

Батыс Қазақстан облысында күн күрт жылынып, кейін жаңбыр жауды. Соның салдарынан жер көктайғақ болып жатыр.

Аймақтағы облыстық маңызы бар жолдар жабық. Ал қалада көлік түгілі жаяу жүргіншілерге де қатынау қиындап кетті. Коммуналдық кәсіпорын жұмысшылары таң атқалы бері көшелерге құм-қиыршық қоспасын төгіп жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті шұғыл жағдай болмаса, алыс сапарға шықпауға шақырады.  

Нұралы Мұсиев, облыстық ТЖД Бас маманы:

- Республикалық маңыздағы жолдар барлық бағытта ашық. Дегенмен, облыстық маңыздағы автожолдар келесі бағыттар бойынша жабық болуда: Тасқала-Аққурай-РФ шекарасы, сонымен қатар Үлкен Шаған-Переметное, сосын Орал қаласы-Керсанов елді мекені арасындағы автожолдар жабық. Бұл бағыттағы жолдар барлық түрдегі автокөліктерге жабық.