Мемлекеттік қызметкер саны 25% қысқарады

2025 жылға қарай барлық мемлекеттік органдар қызметі автоматтандырылып, электронды форматқа көшеді.

Биылдың өзінде 95 процент қызмет цифрландырылады. Сондай-ақ мемлекет аппарат пен мемлекеттік сектордағы қызметкерлердің 25 проценті қысқарады. Ал халыққа қызмет көрсету орталықтары онлайн кеңес беруге бейімделеді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының жол картасын талқылау кезінде Үкімет басшысы айтты.