Жаңатастағы әлеуметтік нысандар жұмыс істей бастады

Жаңатастағы тұрғын үйлерге жылу беріліп, әлеуметтік нысандар қайта жұмыс істей бастады. Жылу қалыпқа келгелі жұрт балаларын мектепке  жіберіп, балабақшалар бүлдіршіндерді қабылдап жатыр. Ауруханалардағы электр пештер алынып температура қалыпты күйге түскен. 

Жағдаймен танысып көз жеткізу үшін бірінші кезекте аудандық орталық ауруханадан бастадық. Мұнда 90-нан астам адам ем-дом қабылдап жатыр. Бақылап тұрсақ, ауруханадан жұрт электр жылытқыштарын құшақтап шығып жатыр.

Сұлушаш Пернебек, Жаңатас қаласының тұрғыны:

- Салқын болғаннан кейін ішінде жоқ енді. Жылу жоқ қанша күн болды. Содан кейін мынаны өзімізбен бірге алып келдік. Қазір бәрі жақсы болғаннан кейін шығып бара жатырмыз. Қазіргі жағдай қандай? Жылы. Жылып келе жатыр. Кеше түнде берілді отопление қазір жылып жатыр.

- Жылу бар ғой? Бұл науқастар босанған әйелдер жатқан палатасы. Жылы. Кеше жылу болмағандықтан жылытқыштар қосып палаталарды жылытқанбыз.

Ақбөпе Тұрсынбекова, Жаңатас қаласының тұрғыны:

- Қазір жағдай қандай? Бұған дейін пешпен жылыттық. Қазір жағдай жақсы. Түннен бері отопление беріп жатыр. Ұстап көрейікші. Міне жып жылы. Жақсы. Ешқандай шағымдарыңыз жоқ па? Шағым жоқ.

Мектептерде дәстүрлі режимде оқитын сынып оқушылары қалыпты білім алып жатыр. Балабақшалар да жұмысын қайта бастаған. Бірақ бала саны аз. Мәселен, Айгүл бөбекжайында 180 балаға дейін тәрбиеленеді. Әр топта үш-төрт баладан ғана отыр.  

Сандуғаш Жақыпбекова, балабақша меңгерушісі:

- Жылу берілді. Енді екі күн жылу болмай қалғаннан кейін көп ата-аналарымыздың балалары ауылдық аймақтағы ата-апаларына кеткен. Осы қаладағы балаларымыз келді.

Аудан әкімімен бірге жол-жөнекей көпқабатты тұрғын үйлерге де кіріп көрдік. Пәтерлерді аралап тұрғындардың пікірін білдік.

- Рұқсат па? Жарық бар ма? Жарық қосып қойыңыз апа!  Келіңдер кіре беріңдер! Апа үйлеріңіз жылы ма? Жылыды. Отопление келді ма? Келді. Қатты ыстық емес. Енді төбеден шығару керек-ау деймн. Ауны шығару керек. Оған қазір мамандарды жібереміз. Түнгі 12-де келді ғой деймін жылу.

Сағадат Шалқыбаева, Жаңатас қаласының тұрғыны:

- Осы подъезд тұрғынысыз ба? Қай этажда тұрасыз? 4-этажда. Үйлеріңізде жылу бар ма? Қашаннан бері? Кеше түнде қосылды. Ия ыстық су бәрі ағып тұр.

Бақытжан Жақсылықов, Сарысу ауданының әкімі:

- Кейбір тұрғындар жылу келгенімен циркуляция дұрыс болмай жатыр дейді. Ауа шығару керек. Соған байланысты үш бригада бағытталған. Қазір сол тұрғын үй қоры бойынша қай жерде жоғарғы этаждарда негізінен ауа шығару керек деген жұмыстарды. Сонымен айналысып жатыр. 

Қазір ауданда екі қазандық толық қуатта жұмыс істеп тұр. Мамандар қорда қажетті 900 тоннадай мазут бар деп отыр. Бірақ үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін әлі 1500-дей тонна отын керек. Оны дер кезінде жеткізу мердігерге байланысты. Аудан әкімінің айтуынша, қыс ортасында дүйім жұртты әбігерге салған мердігер жауапкершілікке тартылады. Мәселе сотта қаралмақ. 

Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев, Руслан Ахатіллә

Сондай-ақ...