Петропавлда көліктік бақылау инспекциясының бас маманы сотталды

Жасұлан Мұқанов өткен жылдың наурызында Ресейден бұрғылау қондырғысын тасыған кәсіпкерден оны әкімшілік жауапқа тартпау үшін, облыс бойынша еш кедергісіз жүру үшін ай сайын 1 миллион теңге сұраған.

Мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды. Сотта оның кінәсі толық дәлелденіп, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Қазір оның тікелей басшысына қатысты да сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.     

Ернар Баянғазин, СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы:

- Ертеңге жол бермеу үшін ондайды біз талқылап, қызметкерлерге болсын, басшылығына болсын арнайы түрде жеткіземіз. Оның нәтижелерін қарастырамыз. Оның шарттарын бәрін ертең болдырмау үшін осындай кезде өзіміздің ұсыныстарымызды береміз оларға.