419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бір жылда Қазақстан халқының саны 245 мың адамға көбейді

  • 265
  • UPD: 16:42, 12.02.2021
Бір жылда Қазақстан халқының саны 245 мың адамға көбейді

Қазақстанда халық саны 2021 жылдың 1 қаңтарындағы есептеулер бойынша 18877,1 мың адамды құрады.

Оның ішінде қала тұрғындары – 11149,7 мың адам (59,1%), ауыл тұрғындарының саны – 7727,4 мың адам (40,9%). Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 245,0 мың адамға немесе 1,3% көбейді. Бұл кезеңде ең көп жалпы өсім үш облыста байқалды: Алматы қаласында (60,2 мың адам), Нұр-Сұлтан қаласында (48,5 мың адам) және Шымкентте (38,0 мың адам).

Хабар 24 телеарнасы