Семейде бір жылда мыңнан астам адам сотталған

Семейде бір жылда мыңнан астам адам сотталған

Семейде былтыр мыңнан аса адам істі болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қауіпті індет өршіген тұста қылмыстық іс көбейіпті. Жылдық қорытынды кезінде қаржы пирамидасы төңірегіндегі қылмыс резонанс тудырған күрделі іс деп танылды. Жалған кәсіпкерлердің кесірінен 700-ден астам тұрғын зардап шегіпті. Жәбірленушілер алаяқтардың сөзіне сеніп, сан соққан. Келтірілген шығын көлемі 26 миллионнан асқан.

Жанат Әбенова, сот төрағасы:

- Бұл қылмыстық іс бойынша 3 сотталушы өтті. 6 жылға, 5 жыл 8 айға үшеуі сотталды. Жәбірленушілер үлгеріп, тергеу аяқталғанға дейін талап-арыздарын берді. Талап-арыздары бойынша қанағаттандырылды толығымен. Бұл үкім заңды күшіне енді. Қазір орындалу барысында.