Шымкенттегі кәсіпорында жиһаздарды роботтар дайындайды

Шымкентте жиһаздарды роботтар дайындайды.

Mega smart компаниясы дәл осындай автоматты конвейер желісін іске қосқан еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыдан соң зауыт жұмыс көлемін едәуір арттырып, жаңа қуаттылыққа шықты. Қазір фабрикада ай сайын 30 мың шаршы метр плита мен бес мың жиһаз шығарылады.

Бірнеше жыл бұрын бұл шеберханада бірнеше станок машиналар болған. Енді бүкіл жұмыс бағыты толығымен автоматтандырылған. Қазір фабрикада жиһазды роботтар дайындайды. Бұл кәсіпорынның кірісін арттыруға көмектескен.

Ербол Тұрмаханов, жиһаз фабрикасының шебері:

-Адамдар баяғыда мебельді қолмен тескен кезде қате кететін. Ал аппараттарды 0,1 мм-ге дейін өлшетіп, оны талай тексеріп, өзіміз көзімізді жеткізгенбіз. Бұл жерде ешқандай қателік шықпайды.

Ең әуелгі жұмыстың қалай басталғаны зауыт директоры Сергей Хегайдың есінде. Бастапқыда мұнда шағын гараж және екі қызметкер болған. Ең бастысы, ол өзі бастаған ісіне бар ынтасымен кірісіпті. Сергейдің фабрикасынан шыққан өнімдер мегаполисте ғана емес барлық өңірде танымал. Кәсіпкер «мемлекеттің қолдауынсыз көп нәрсені игере алмайтынын едім», дейді.

Жиһаз фабрикасы қазір халықаралық стандартқа сай өнімдер шығарады. Түркістандағы Hampton By Hilton қонақ үйіне Сергейдің компаниясы жүз мың дана сәнді жиһаз жеткізген. Фабрика өнімдері сондай-ақ Орталық Азия елдеріне, Ресей мен Беларусь мемлекетіне де экспортталады.

Сергей Хегай, Mega smart компаниясының басшысы:

- Біз ISO-9001 бұл халықаралық сапа менеджменті сияқты халықаралық сертификаттаудан өттік. ISO-14001бұл экологиялық сапа менеджменті. OHSAS сертификатын да алдық. Бұл қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін беріледі. Тиісінше, біз Hilton қонақ үйлер желісіненде аккредитациядан өттік.

Зауытта бояулар жасалатын жеке зертхана құрылған. Мұнда түрлі түстерге тәжірибе жасалады. Компания рельеф түрінде жабынды жасаудың технологиясына патент алған. Фабрика, осылайша, жиһаз индустриясына инновациялар алып келді. Бұл жұмыстар отандық жиһаздың сапасы мен бағасының қолайлы болуы үшін қажет.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Бекмұратов