Елордада ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Бүгін елордада Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкеннің төрағалығымен өткен жиында Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атау және елімізде ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту жөніндегі жоспарлар талқыланды. Достық үйінде өткен шараға жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Сондай-ақ «Қайырымдылық марафонына» бастау беріліп, осынау игі істе белсенділік танытып жүргендер алғыс хаттармен марапатталды.

Бахтияр Мәкен, қала әкімінің орынбасары:

- Қазір біз Президенттің тапсырмасына сәйкес өздеріңіз білесіздер, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты көптеген іс-шаралар көлемді түрде өтеді. Бірақ бұны тек қана мерейтой емес. Жалпы тиісті осындай қайырымдылық акциялармен, халыққа бір үлкен септігін беретіндей сондай шаралар арқылы бастап жатырмыз. Соның ішінде бүгінгі мына «Қайырымды 30 іске» арнайы меценат ұйым өзінің ұсынысын берді. Біздің қайырымдылық және қоғамдық қорлар 4 млн теңге көлемінде көмек көрсетіп жатыр.