Бахтияр Мәкен: Жемқорлықпен күрес жалғасады

Жиыннан кейін елорда әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен қарамағындағы қызметкердің жемқорлық әрекетіне байланысты арна тілшісінің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, бұған дейін қалалық мәдениет және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Нұрлан Сыдықов пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.

Бақтияр Мәкеннің айтуынша, парақорлықтың алдын алу мақсатында ішкі талаптар мен бақылау әлі де күшейтіледі. Осы жағдайға байланысты Бахтияр Мәкен қызметтен кету туралы өтініш білдірген екен. Алайда басшылық оған сенім артып, қатаң сөгіспен шектелген.

Бахтияр Мәкен, қала әкімінің орынбасары:

- Былай айтқанда, адам пендешілік болғандықтан, жан-жақты болу керек қой. Сондықтан менің ойымша, егер де басшылар мені қызметкер ретінде құрметтей біліп, бірге жұмыс істеуге ары қарай әріптес ретінде үлкен мақсат қойып жатса, мен ойлаймын, ары қарай да осы жұмысымды жалғастырамын. Бірақ сізге сөгіс жарияланды. Сөгіс жариялады, бірақ ол негізі заңда да солай бекітілген.