«Хабар» арнасындағы бағдарлама эфирінде жалғызбасты ана баспаналы болды

«Хабар» арнасындағы «Бүгін» бағдарламасының эфирінде көп балалы отбасыға баспана кілті табысталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түркістан облысының тұрғыны Кәмшат Әбділқасымова – 4 баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ана. Айына табатын нәпақасына балаларын асырап отырған оның тұрақты баспанасы да жоқ. Бұған қоса, демікпе дертіне шалдыққан сәбиіне күтім мен ем-дом қажет. Баспана кілті көп балалы анаға тікелей эфирде табысталды. Жылдар бойы үй жалдап тұрып, біраз қиындық көрген келіншек көзіне жас алып, игі іске атсалысқан азаматтарға алғыс айтты.