Семейдегі перинаталдық орталыққа сәбилердің өмірін құтқаратын жаңа құрылғы алынды

Семей қаласының перинаталдық орталығына жаңа медициналық құрылғы алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның көмегімен гипоксия белгілері бар нәрестелердің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік мол. Жаңа медициналық жабдықтың арқасында сәбиде талма ауруының бар-жоғын да анықтауға болады. Пайдалануға берілген күннен бастап, гипоксия белгісі бар бір бөбекке көмек көрсетілді.

Ақерке Талапбекқызы, қала тұрғыны:

– Балам аман-есен. Қазір қолымда. Үлкен рақмет. Алғысымды білдіремін.

Әсия Әбешова, неонатолог:

– Аппараттың ерекшелігі, қолданысы оңай, жеңіл. Бүкіл әлемдегі инновациялық емханалармен бірге біз кең қолданамыз. Әрине, осындай нәрестелердің туылуы төмен болса, бізге де жақсы.