СҚО-да 200 жылқыға электронды чип орнатылды

Ал айғырлардың мойнына арнайы қарғыбау тағылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді шаруа үйірінің қайда жайылып жүргенін смартфон арқылы көре алады. Қанатқақты жоба Ресей елімен шекаралас Жамбыл ауданында іске қосылды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қашықтан бақылау жүйесі мал ұрлығының алдын алуға зор ықпалын тигізеді. Өңірде осы бағытта 2021-2023 жылдарға арналған арнайы бағдарламасы қабылданған.

Құмарбек Жоламан, СҚО ПД КПБ жедел уәкілі:

- 2019 жылы 92 факт тіркелсе, 2020 жылы 47 факт тіркелді. Жыл басынан бастап Солтүстік Қазақстан облысында 6 мал ұрлығы тіркелді. Ол 6 мал ұрлығының 6 фактісі де ашылды. Бұл өткен жылға қарағанда өте жақсы нәтиже.